Чавушоғлу АҚШ-та СКТР және индонезиялық әріптесімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ 76-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркқа барды.

1708202
Чавушоғлу АҚШ-та СКТР және индонезиялық әріптесімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Кипр түрік халқының егемендік құқығы мен халықаралық тең мәртебесінің тез арада тіркелу керектігін атап көрсетті.

21 қыркүйек күні басталатын жоғары деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 76-шы Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласына барған Чавушоғлу дипломатиялық байланыстарын жалғастыруда.

Министр Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Сыртқы істер министрі Тахсин Ертуғрулоғлумен бас қосты.

Чавушоғлу кездесудің артынан Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «БҰҰ Бас Ассамблеясы отырыстарының алдында құрметті бауырым, СКТР Сыртқы істер министрі Тахсин Ертуғрулоглумен ақылдастық. Кипр түріктерінің егемендік құқығы мен халықаралық тең мәртебесінің тез арада тіркелуі тиіс. Иық тіресіп бірге жүреміз» деді.

Чавушоғлу Индонезиялық әріптесі Ретно Марсудимен де кездесті.

Чавушоғлу кездесу туралы «Келесі айда елімізде күтетін Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсудимен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында сәтті бір кездесу өтті. Екіжақты қарым-қатынастарымызды барлық салада одан әрі нығайтамыз. БҰҰ, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Үлкен сегіздік тобы елдері және МИКТА-да Индонезиямен тығыз жұмыс істейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар