Türksat 6A-ны Space X ұшырады

Türksat 6A-ны ұшыру қызметіне байланысты келісімшарт жасалды.

1707204
Türksat 6A-ны  Space X ұшырады

Türksat акционерлік компаниясы мен Американың ғарыштық тасымалдау компаниясы Space X арасында Түркияның алғашқы ұлттық байланыс спутнигі Türksat 6A-ны ұшыру қызметіне байланысты келісімшарт жасалды.

Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу жазбаша мәлімдемесінде Түріксат 6А Ұлттық байланыс спутнигі жобасы туралы келісім мен Қосымша хаттамаға Көлік және инфрақұрылым министрлігі, Түркияның ғылыми -технологиялық зерттеулер кеңесі (TÜBİTAK) мен Türksat AŞ арасында қол қойылғанын мәлімдеді. Ол процестің президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен басталғанын білдірді.

Караисмаилоғлу  Türksat 6A спутнигін құрастыру, интеграциялау және сынақтарының Ғарыштық жүйелерді біріктіру және сынау (USET) орталығында жүргізілгенін мәлімдеді.

Жобаның Түркияның байланыс спутниктерін шығара алатын 10 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік беретініне назар аударған министр былай деді: «Жасалатын жер серігін өндіру мен сынау процесі 2022 жылдың соңына дейін аяқталады және 2023 жылдың бірінші тоқсанында ұшырылады деп жоспарлануда»



Ұқсас жаңалықтар