Түркия-ЕО жоғары деңгейдегі климат жиналысы Брюссельде өтті

Еурокомиссия орталығындағы жиналыс туралы бірлескен мәлімдемеде жасалды.

1707242
Түркия-ЕО жоғары деңгейдегі климат жиналысы Брюссельде өтті

Қоршаған орта және қала министрі Мурат Қурум мен Еурокомиссия вице-президенті Франс Тиммерманс климат бойынша жоғары деңгейдегі келіссөз аясында Бельгияның бас қаласы Брюссельде жиналды.

Еурокомиссия бас ғимаратында өткен жиналыс туралы жасалған бірлескен мәлімдемеде Министр Курум және комиссия мүшесі Тиммерманстың Түркияда құрылуы көзделген Шығарындылардың сауда-саттық жүйесі мен Еуроодақ шығарылымдары саудалық жүйесіне қайта қарауды ескере отырып, ортақ мүдде ретінде көмірқышқыл газының баға саясатын талқыланғаны айтылды. Мәлімдемеде сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу, климат өзгерісі және био-түрліліктің жоғалуына қарсы күрес барысында табиғатқа негізделген шешімдердің артықшылықтары да жиналыста күн тәртібіне келгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде көзқарастарына орын берілген министр Курум «Түркия мен ЕО арасындағы Жоғары деңгейдегі климаттық келіссөздерін климаттың өзгеруіне қарсы күресте ынтымақтастықты нығайту және Түркияның Еуроодаққа қосылу үдерісіне қолдау беретін тамаша бір мүмкіндік деп санаймын» деді.

Түркияның климат өзгерісімен күресті тек саяси және шекаралық мәселе емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен даму мәселесі ретінде қарастыратынын атап көрсеткен министр Курум «Бұл тұрғыда Түркия климат өзгерісімен күресті батыл жалғастыруда, бірақ аталмыш шаралардың экономикалық құны да өте жоғары. Климаттың өзгеруімен күресте Түркияның климаттық қаржыландырудың халықаралық ресурстарына қол жетімділігі талпынысымызды жаһандық деңгейде арттыруды қамтамасыз етеді» деді.

Тиммерманс болса осы жазда әсіресе Жерорта теңізінің айналасында болған жойқын оқиғалардың ғылыми сценарийлердің шындығын дәлелдегенін білдірді.

Тиммерманс барлық үкіметтердің жедел түрде климат тақырыбында ерікті қозғалып, нақты міндеттемелер қабылдау керек екенін айтты.

Келіссөздердің Түркия мен ЕО арасында техникалық деңгейде жалғасатыны, министрлердің 2022 жылдың басында жағдайды қайта бағалайтыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар