«Жылдың медиа сыйлығы» Фахреттин Алтунға табыс етілді

Анкарада «6-шы Анадолы коммуникация жүлделері» табыс етілді.

1706803
«Жылдың медиа сыйлығы» Фахреттин Алтунға табыс етілді

«Жылдың медиа сыйлығына» лайық деп танылған Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Бұл сыйлыққа үлес қосқан және күндіз-түні адал еңбек еткен барлық әріптестеріме алғыс айтамын» деді. 

Фахреттин Алтун «коммуникация саласындағы жұмысымен жаңа көзқарасты дамытуға қосқан үлесі» үшін «Жылдың медиа сыйлығымен» марапатталды. 

Алтун сыйлығын кеше кешкі уақытта бас қала Анкарадағы Президенттік кешенде өткен Анадолы медиа қауымдастығының «6-шы Анадолы коммуникация жүлделері» рәсімінде президент Режеп Тайып Ердоғанның қолынан алды. 

Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан Анадолы медиа қауымдастығына алғысын білдіріп «Коммуникация саласындағы жұмысымыз үшін бізді марапатқа лайық деп тапқан Анадолы медиа қауымдастығына алғыс айтқым келеді. Президенттің қолынан осы сыйлықты алу біз үшін үлкен мақтаныш болды. Бұл сыйлыққа үлес қосқан және күндіз-түні адал еңбек еткен барлық әріптестеріме алғыс айтамын. Барлық достарымызбен бірге құрметті президентіміздің ерік-жігері мен көзқарасы бағытында бар күшімізді жұмсай береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар