Ирактың солтүстігінде 2 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық қорғаныс министрлігі операцияға қатысты мәлімдеме жасады.

1706832
Ирактың солтүстігінде 2 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче Каплан» операциялық аймағында террор ұйымы PKK-лық екі террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Түрік Қарулы Күштері террор ұйымы PKK-ға соққы беруді жалғастыруда. Ирактың солтүстігіндегі «Пенче Каплан» операциялық аймағында тағы террор ұйымы PKK-лық екі террорист анықталды. Террористтер арнайы десанттар тарапынан залалсыздандырылды» делінді.

Екінші жағынан Тунджели губернаторлығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Қалалық Жандармерия қолбасшылығына қарасты жасақтар «Эрен-7 Меркан-Мунзур» операциясы аясында Оваджык ауданы маңында террор ұйымына қарсы операция жасады.

Аймақта күзет бақылау жұмыстарын жалғастырған қауіпсіздік күштері террористтер қолданған 10 үңгірді жойды.



Ұқсас жаңалықтар