63 босқын құтқарылды

Заңсыз жолдармен шетелге кетуге тырысқан 38 босқын болса ұсталды.

1705968
63 босқын құтқарылды

Измирдің Чешме ауданында су айдынында Грекиядан қуылған 63 босқын құтқарылды. Заңсыз жолдармен шетелге кетуге тырысқан 38 босқын болса ұсталды.

Чешме ауданы маңында бір топ бомқын бар екені ақпары келгеннен кейін аймаққа Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары бағытталды. 63 босқын құтқарылды.  Оларды Грекия жасақтары түрік су айдынына қарай қуған.

Сонымен қатар аудан маңында желкенді қайықпен заңсыз жолдармен шетелге кетуге тырысқан 38 босқын ұсталды. Шетелдік босқындар Қалалық Миграция басқармасына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар