Түркия Дераадағы оқиғаларға пікір білдірді

Билгич Дераадағы оқиғаларды мұқият және алаңдаушылықпен бақылап отырғандарын атап көрсетті.

1704895
Түркия Дераадағы оқиғаларға пікір білдірді

Түркия Сирияның Дераа қаласындағы оқиғаларды мұқият және алаңдаушылықпен бақылағанын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжу Билгич Дераа қаласындағы оқиғаларға байланысты кейбір айыптаулар туралы сұраққа жазбаша жауап берді. Дераадағы оқиғаларды мұқият және алаңдаушылықпен бақылап отырғандарын атап көрсеткен Билгич: «Режимнің бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдары, Дераа/Белед пен оның айналасын қоршау арқылы оларды көшуге мәжбүр етуі қабылданбайды» деді.

Билгич режим мен оппозициялық топтар арасындағы делдалдық әрекеті кезінде қаладан кетуге мәжбүр болған көптеген бейбіт тұрғынның Түркияға қабылданатыны және бұл мәселеде Түркиямен келісімге қол жеткізілгені туралы айтылған сөздердің  негізсіз екенін баса айтты.

6 қыркүйекте күшіне енген аймақтағы атысты тоқтату келісімін қолдайтындарын білдірген  Билгич: «Біз бұл келісім бұл жолы  түбегейлі болады деп күтеміз және Дераа тұрғындарына деген  адамдыққа жатпайтын істер тоқтатайды деп сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар