13 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялады.

1704549
13 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында сепаратистік террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 13 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің  әлеуметтік желідегі жазбасында «Батыр десанттарымыздан террористтерге тағы бір ауыр соққы! Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында шабуылға дайындалған 13 террорист Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар