Әуе аппаратында Ердоғанның сөздері жарияланды

Ердоған хабарламасында «Akıncı» жобасына еңбегі сіңген баршаны құттықтаймын» дейді.

1701478
Әуе аппаратында Ердоғанның сөздері жарияланды

Президент Ердоған «Akıncı» ұшқышсыз шабуылдаушы әуе аппаратының бірінші ұшуынан бұрын өз даусымен хабарлама жасады.  2019 жылдың 6 желтоқсан күнгі алғашқы ұшудан бұрын рейстің бағдарламалық жасақтамасына тіркелген сол хабарламаның видеосы жарияланды.

«Baykar Makine» компаниясы тарапынан жарияланған көріністе президент Режеп Тайып Ердоғанның «Болашағымыз бен тәуелсіздігіміз үшін әрдайым алға» деген тақырыппен жасалған хабарламасы берілген. Хабарламада «Құрлықта, теңізде, әуеде және бұйырса ғарышта достарына сенім, жауына үрей беретін Түркия мақсатына қол жеткізуге бағытталдық.  Жетістіктеріміз арқылы түрік ұлтының жоғары технологиялық жүйелерді өндіру және қолдану қабілетін әлемге көрсеттік» деп айтылған.

Ердоған хабарламасында «Akıncı» жобасына еңбегі сіңген баршаны құттықтаймын» дейді.

Сонымен қатар компания басшысы Селчук Байрактар әлеуметтік желіде бір бейнекөрініс жариялады. Осы видеода да президент Ердоғанның «Akıncı» әуе аппаратының бағдарламалық жасақтамасына қосылған сөздерінің кодтары көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар