Түркия Ауғанстандағы оқиғаларды қадағалап отырады

Хулуси Акар "Түркия бұдан кейін де аймақтағы оқиғаларды қадағалап отырады" деді.

1700771
Түркия Ауғанстандағы оқиғаларды қадағалап отырады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар түрік әскерлерінің Ауғанстанда табысты түрде міндет атқарып, елге оралғанын айтты. Акар "Түркия бұдан кейін де аймақтағы оқиғаларды қадағалап отырады" деді. 

Хулуси Акар Ауғанстанда міндет атқарған түрік әскерлерінің елге қайтуына байланысты Кайсери әуе қатынас қолбасшылығында ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйледі. 

Түрік әскерлерінің соғыс міндеттері тысында ауғанстандықтарға білм беру жағынан қолдау көрсеткенін түсіндірген Акар Ауғанстанда 2002 жылынан бастап 20 мың түрік әскерлер мен қызметкерлердің міндет атқарғанын білдірді. 

Тез қарқынды түрде шешім жасап, түрік қызметкерлері мен түрік азаматтарын 48 сағаттық қысқа мерзім ішінде эвакуациялағандарын атап өткен Акар "Кабул әуежайындағы дағдарысқа қарамастан эвакуациялау жұмыстарының табысты түрде аяқталуы Түрік Қарулы Күштерінің құдіретін көрсетті" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар