Калын Мартин Гриффитспен кездесті

Президенттік сарайда өткен кездесуде Ауғанстан мен Сириядағы гуманитарлық жағдайлар қолға алынды.

1700992
Калын Мартин Гриффитспен кездесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мартин Гриффитспен кездесті.

Президенттік сарайда өткен кездесуде Ауғанстан мен Сириядағы гуманитарлық жағдайлар қолға алынды.

Ауғанстандағы гуманитарлық жағдайдың нашарламауы үшін тұрақтылықтың орнауы және бейбітшіл өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап айтылды. Сирияға жәрдемді қамдайтын Қауіпсіздік Кеңесі шешімдеріне ризалық білдірілді.

Ибрахим Калын Түркияның жаңа көш толқынын көтеретін мүмкіндігі жоқ екенін білдіріп, халықаралық қоғамның шұғыл және берік жауапкерлік алуы керектігін айтты.

Кездесуде Сириядағы қақтығыстарды тоқтату үшін саяси шешімге жетудің қажеттілігі атап көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар