Чавушоғлу Сербия президенті тарапынан қабылданды

Мевлүт Чавушоғлу Сербия премьер-министрі Ана Брнабичпен де кездескенін айтты.

1700376
Чавушоғлу Сербия президенті тарапынан қабылданды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Сербия бас қаласы Белградта Сербия президенті Александр Вучич тарапынан қабылданды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Твиттер желісінде бөліскен мәлімдемесінде Сербия президенті Александр Вучичпен кездескенін айтып:

"Екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық ынтымақтастық жобаларын қолға алдық" деді.

Мевлүт Чавушоғлу Александр Вучичке Түрік Әуе Жолдары Еуропа лигасында 2020-2021 маусымында чемпион болған Анадолы Ефес Баскетбол командасы ойыншылары қол қойған жейдені сыйлады.

Сербия премьер-министрі Ана Брнабичпен де кездескенін айтқан Чавушоғлу:

"Екі жақтылы қарым-қатынастарды көлемді талқыладық. Сербияға инвестиция салған іскерлердің талаптарын жеткіздік" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар