Ауғанстанға көмек беруге дайынбыз

Президент ұшақта медиа қызметкерлерімен сұхбаттасты.

1699223
Ауғанстанға көмек беруге дайынбыз

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ауғанстанның дереу жинақталуы үшін барлық қолдауды беруге дайын екенін білдірді.

Президент Ердоған Босния және Герцоговина мен Черногория сапарынан кейін ұшақта медиа қызметкерлерімен сұхбаттасты.

Ауғанстандағы оқиғаларға тоқталған Ердоған аталмыш елде процесті жақыннан бақылау керектігін білдірді. «Алдымен Талибанның мемлекет болу немесе мемлекет басқарудағы ұстанымы қандай, осыны көру керек» деді ол.

Түркияның 20 жылдан бері Ауғанстанға барлық қолдауды бергенін еске салған Ердоған: «Түркия ретінде қалайтынымыз: Ауғанстан дереу жинақталуы керек.  Енді ауған халқы осыншама жүкті көтере алмайды.  Біз Ауғанстанның бірлігіне, тұтастығына барлық қолдауды беруге дайынбыз. Ауғанстаннан осындай ұстанымды көруіміз керек» деді.

Президент Ауғанстандағы түрік елшілігінің екі аптадан бері жұмысын Кабул әуежайында атқарғанын еске салды. Енді елшілік қызметкерлері елшілік ғимаратына қайта оралды. Президент: «Ендігі жоспарымыз дипломатиялық болмысымызды жалғастыру. Басқа ықтималдарға қарсы балама жоспарларымыз дайын. Қызметкерлердің қауіпсіздігі – басымдығымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар