Афионда "Жеңіс шеруі"

Ұлы Шабуылдың 99 жылдығына орай «Жеңіс шеруі» ұйымдастырылды.

1697475
Афионда "Жеңіс шеруі"

Афионкарахисарда Ұлы Шабуылдың 99 жылдығына орай «Жеңіс шеруі» ұйымдастырылды.

Шеру қарсаңында Шухут ауданына қарасты Чакырөзі ауылында мектеп алдында шара өткізілді.  Орман және су істерінің бұрынғы министрі Вейсел Ероғлу, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Өзгүл Өзкан Явуз, кейбір саясат қайраткерлері, жастар мен азаматтар, сол дәуірдің әскери киімін киген оқушылар барлығы бірігіп алаңда жиналды.

Осы жерде сөз сөйлеген Ероғлу соғысқа баратын жолдың сол кезде асфальт емес,  тас, жартас жол болғанын айтты. «Әскерлердің аяғында жұқа аяқкиім, арқасында ауыр жүк болды. Бірақ отанды құтқару үшін отан, ту,  еркіндік сүйіспеншілігі басым болды. Жеңіс жолында осындай махаббатпен жүрді» деді ол.

Артынан Ероғлу Кожатепеге қарай «Жеңіс шеруін» бастады.



Ұқсас жаңалықтар