Сирияда PKK/YPG-лік 9 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық қорғаныс министрлігі операциямен байланысты мәлімдеме жасады.

1696969
Сирияда PKK/YPG-лік 9 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігінде шабуыл жасауға дайындалған PKK/YPG-лік 9 террорист залалсыздандырылды.

Түрік қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі террористтерге тыныс алдырмайды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде террорлық шабуылдарға қарсы барлық шараларды қабылдаған арнайы десанттар «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағында 8, «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында 1, барлығы 9 PKK/YPG-лік террористті залалсыздандырғаны атап көрсетілді.

Ел көлемінде террорға қарсы күрес жалғасуда.

Ішкі істер министрлігі «Эрен-13» операциясы аясында Шырнактың Бейтушшебап ауданында PKK-лық 2 террористтің қару-жарақпен залалсыздандырылғанын білдірді.

Мәлімдемеде аймақта операциялардың жалғасқаны айтылды.

Министрлік жасаған басқа мәлімдемеге қарағанда 19 тамыз күні «Эрен-1 шейіт жандармериясы Мехмет Каражы» атты операцияда залалсыздандырылған 3 террористтен бірінің іздеу салынған террористтер тізімінде басына 500 мың лира бәйге тігілген «Рожин Амед» лақапты Фидан Куртпынар екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар