Чавушоғлу Блинкенмен телефонда сөйлесті

Чавушоғлу Блинкенмен телефондағы әңгіме барасында Ауғанстандағы соңғы оқиғалар қолға алынды.

1696751
Чавушоғлу Блинкенмен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефонда сөйлесті. 

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Чавушоғлу Блинкенмен телефондағы әңгіме барасында Ауғанстандағы соңғы оқиғалар қолға алынды. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс телефондағы әңгімелерге байланысты жасаған жазбаша мәлімдемесінде "Блинкен Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен телефон арқылы сөйлесті. Телефондғы әңгімеде Ауғанстанда жалғасқан ынтымақтастығымыз талқыланды. Сонымен қатар азаматтарымыздың, одақтастырымыздың эвакуациялау жұмыстары қолға алынды" деген сөздер қолданды. 
Энтони Блинкен де  твиттер арқылы мәлімдеме жасап, "Түркия маңызды бір НАТО одақтасы және аймақтағы ерекше ел" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар