Ердоған спортшыларды күтіп алды

Ердоған 2020 Токио Олимпиада ойындарында медаль алған ұлттық спортшыларға Бештепеде қонағасы берді.

1695981
Ердоған спортшыларды күтіп алды

Президент Режеп Тайып Ердоған спорт саласында Түркияны тың белеске көтеруді мақсат еткендерін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 Токио Олимпиада ойындарында медаль алған ұлттық спортшыларға Бештепеде қонағасы берді. 

Ердоған қонағасыдағы сөзінде 2020 Токио Олимпиада ойындарына қатысқан 108  ұлттық спортшының барлығы мақтауға татитынын айтып:

"Биылғы олимпиадаларда спортшыларымыз тек табыстарымен ғана емес, әдепті әрекеттерімен де мақтау алды. Басқан қадамдарымызбен спортқа және спортшыларға деген тұғырды өзгерттік" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Республиксының 100 жылдығы 2023 жылға беталғанда тың спорт салаларында жақсы орынға жетуді нысанаға алдық" деп көрсетті.

Спортшыларды қолдайтынын айтқан Ердоған:

"Күшті және әлсіз салаларды зерттейміз. Табысты болмаған салаларға күш жұмсаймыз. 2024 Олимпиада ойындары өтетін Парижде 2020 Токио Олимпиада ойындарындағы табысымызды еселейміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар