"Кабулдағы қызметкерлердің қауіпсіздігі - басымдығымыз"

Қорғаныс министрі жиналыс өткізді.

1692114
"Кабулдағы қызметкерлердің қауіпсіздігі - басымдығымыз"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы қызметкерлердің қауіпсіздігінің бірінші басымдықтары екенін атап көрсетті. Ол барлық шараның қабылданғанын айтты.

Министр басшылығында өткен видео конференцияға Ауғанстандағы Түрік миссия күшінің қолбасшысы да қатысты. Жиналыста елдегі соңғы жағдай қолға алынды.

Жиналысқа Бас штаб басшысы, генерал Яшар Гүлер мен Әуе күштері қолбасшысы, генерал Хасан Күчүкакюз де қатысты.

Ауғанстандағы түрік әскери күшінің қолбасшысы жиналыста елдегі ахуалды баяндап берді.  Министр Акар процесті жақыннан қадағалап отырғандарын айтты. Ол Кабулдағы қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық шараны қолданғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар