Ұшақ апатында қаза тапқан 5 орыс экипаж Ресейге жіберілді
Аданада өрт сөндіру ұшағында қаза тапқан 5 орыс қызметкер үшін рәсім өтті.



Кахраманмарашта сенбі күні апатқа ұшыраған және Ресейден жалға алынған өрт сөндіру ұшағы сынықтары табылған аймақта оқиға орнын тергеу жұмыстары аяқталды.
Ұшақ сынықтарының тікұшақпен алынатыны, қара жәшікті Ресейге жібергені және апаттың себеп салдарын анықтау жұмыстары аяқталған соң ұшақтың құлау себебінің айқындалатыны білдірілді.
Сынықтар табылған аймақта жандармериялық топтар тәулік бойы күзет қызметін жалғастыруда.
Орман шаруашылығы бас дирекциясы 14 тамыз күні Ресейден жалға алған және Адана аймақтық орман шаруашылығы дирекциясының қызметінде пайдаланылған өрт сөндіргіш ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 5 орыс және 3 түрік экипаж қаза тапқан болатын.
Адана Шакирпаша әуежайында құлаған өрт сөндіру ұшағында қаза тапқан 5 орыс қызметкер үшін салтанатты рәсім өтті.
Рәсімнен кейін мәйіттер ұшақпен Ресей Федерациясына жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар

Министр Киришчи БҰҰ Су конференциясына қатысты
Министр Киришчи БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңестегі Су конференциясында баяндама жасады.