БҰҰ Бас хатшысы Түркияға көңіл айтты

БҰҰ Бас хатшысы Түркиядағы орман өрттері мен су тасқындарында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1691772
БҰҰ Бас хатшысы Түркияға көңіл айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркияда болған орман өрттері мен су тасқындарында қаза тапқандарға қайғырғанын тілге тиек етті.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик тарапынан жасалған мәлімдемеде «Бас хатшы Түркияда соңғы кездері орман өрттерінің артынан елдің солтүстігіндегі су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан адам өлімі мен инфрақұрылымның зақымдалуына байланысты қайғысын бөлісті» делінді.

Мәлімдемеде табиғи апаттардан зардап шеккен отбасыларға Гутеррештің көңіл айтқаны жеткізіліп, БҰҰ-ның бұл қиын кезеңде Түркия Республикасы халқы және үкіметімен ынтымақтасатыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар