Ресей президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхаты жолдады

Ресей президенті Кахраманмарашта апатқа ұшыраған өрт сөндіру ұшағында қаза тапқандар үшін Ердоғанға көңіл айтты.

1691382
Ресей президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхаты жолдады

Ресей президенті Владимир Путин президент Режеп Тайып Ердоғанға Кахраманмарашта «Be-200» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда, Путин Ердоғанға Кахраманмараштағы Орман шаруашылығы бас дирекциясы қызметінде қолданылған өрт сөндіруші ұшақтың апатқа ұшырауы туралы жеделхат жіберді.

Путин хатында орыстар мен түріктердің Түркиядағы орман өрттерімен бірге күрескеніне назар аударып, «осы себепті адам шығындарының қайғысы бізді біріктіреді. Марқұм қызметкерлеріңіздің отбасылары мен туыс-тамырларына көңіл айтқанымды жеткізуіңізді сұраймын. Мен оларға осы қиын кезде батылдық пен сабыр тілеймін» деді.

Путин сондай-ақ апатта қаза тапқан орыс сарбаздардың туыс-тамырларына да көңіл айтты. Апатта қаза тапқан әскерлерге мемлекеттік марапаттау белгілері табыс етуді тапсырды.

Кахраманмарашта өртке оранған орманды сөндіру жұмыстарына қатысу үшін жалға алынған  өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырап, 5 орыс пен 3 түрік экипажы қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар