Кахраманмарашта өрт сөндіру ұшағы құлады

Апатта өрт сөндіру ұшағының 5 орыс пен 3 түрік экипажы қаза тапты.

1691253
Кахраманмарашта өрт сөндіру ұшағы құлады

Кахраманмарашта өртке оранған орманды сөндіру жұмыстарына қатысқан өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырап, 5 орыс пен 3 түрік экипажы қаза тапты.

Орман Бас дирекциясы Ресейден жалға алынған және Адана аймақтық орман шаруашылығы дирекциясы қызметіне берілген өрт сөндіру ұшағымен Кахраманмараштағы орман өртін сөндіру барысында байланыс үзілді. Осыдан кейін аймаққа көптеген іздеу-құтқару тобы жіберілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Аданадағы Инжирлик әуе базасынан бір тікұшақ пен Кониядан бір ұшақтың іздеу құтқару жұмыстарына қолдау үшін аймаққа жіберілгені білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі болса «Бе-200» ұшағының Адана маңында жерге қону кезінде апатқа ұшырағанын, оқиға болған аймаққа бір тергеу тобы жіберілгенін мәлімдеді.

Кахраманмараш губернаторлығы жасаған жазбаша мәлімдемеде «Алғашқы мағлұматтарға қарағанда экипаждан тірі қалған жоқ» делінді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жасаған орыс және түрік тілдеріндегі хабарламасында Кахраманмарашта орман өртін сөндіру жұмыстары барысында болған қайғылы оқиғада қаза тапқан түрік және орыс экипажға қатты қайғырғанын атап, «Әрі ұлтымыз, әрі орыс халқына да көңіл айтамыз. Ерліктері ұмытылмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар