Сел апатында жан шығыны 27 кісіге жетті

Фахреттин Алтун Бартында 323, Кастамонуда 925, Синопта 472 азаматтың тікұшақ және кемелермен қауіпсіз аймаққа жолданғанын жариялады.

1690793
Сел апатында жан шығыны 27 кісіге жетті

Кастамону, Синоп пен Бартын уәлаяттарындағы сел апатында қаза тапқандар саны 27 кісіге көбейді.

Апат және төтенше жағдайлар  басқармасынан жасалған мәлімдемеде сел апаты себепті Катамоуда 25, Синопта 2 кісінің  қаза тапқаны хабарланды.

Мәлімдемеде апаттан кейін барлық қатысты ұйымдардың қызметкер мен көлік қоладуын бергені, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде селапаты болған Бартында 323, Кастамонуда 925, Синопта 472 азаматтың тікұшақ және кемелермен қауіпсіз аймаққа жолданғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар