Министр Акар Пәкістан сапарын бағалады

Министр Хулуси Акар Түркияның Пәкістандағы елшілігінде осы елге сапары туралы мәлімдеме жасады.

1690031
Министр Акар Пәкістан сапарын бағалады

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ауғанстандағы Хамид Карзаи халықаралық әуежайының жұмысына қатысты «Түрік әскеріне кез-келген қауіп төндіретін жағдайды қабылдауымыз мүмкін емес» деді. 

Сапары барысында Пәкістан президенті Ариф Алви мен премьер-министр Имран Ханның өзін қабылдағанын атап көрсеткен Акар Пәкістан Қорғаныс министрі Первез Хаттак, Қорғаныс өндірісі министрі Зобайда Джалал және генерал Камер Кавит Баквамен де бас қосқанын білдірді. Акар келіссөздер барысында әсіресе Түркия мен Пәкістан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардан бастап көптеген мәселенің талқыланғанын мәлімдеді. 

Акар «Әрі қорғаныс өнеркәсібі, әрі әскери оқу-жаттығу, ынтымақтастық тақырыптары бойынша алдағы уақытта жұмыстарымызды одан әрі дамытуға келістік. Ынтымақтастықты жалғастыруға қатысты өзара түсіністікті көру бізді қуантады» деді. 

Ауғанстандағы соңғы оқиғалардың да келіссөздер барысында күн тәртіпке келгенін жеткізген Акар Түркияның Кабул халықаралық әуежайын пайдаланудағы негізгі мақсатының Ауғанстанның оқшауланған мемлекетке айналуына рұқсат бермеу екенін түсіндірді. 

Акар «Кабул халықаралық әуежайы жабылған жағдайда елдегі дипломатиялық миссиялардың толығымен елден шығатыны жөнінде мәлімдемелер бар. Мұның ауған бауырларымыз үшін қаланбаған бір жағдай екенін білеміз. Бұл себепті біз әуежайдың ашық қалуын пайдалы деп көреміз. Алдағы уақытта бұл тақырып нақтыланады. Түрік әскеріне кез-келген қауіп төндіретін жағдайды қабылдауымыз мүмкін емес» деді. 



Ұқсас жаңалықтар