Түркия Швейцарияға наразылық көрсетті

Түркия террор ұйымы ПКК және онымен байланысты топтармен күресті барлық салада батылдықпен жалғастырады.

1688901
Түркия Швейцарияға наразылық көрсетті

Түркия Женевада PKK/YPG террористік ұйымымен байланысы бар ауыз жүзіндегі өкілдіктің ашылуына орай Швейцарияны протест етті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Женевада PKK/YPG террористік ұйымымен байланысы бар "Солтүстік және шығыс Сирия автономиялық әкімшілігі өкілдігі" атты ауыз жүзіндегі өкілдіктің ашылуына орай Швейцарияның Түркиядағы өкілетті елшісінің министрлікке шақырылып протест етілгені және елшіден тақырыпқа байланысты түсіндірме сұралғаны" білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Аталмыш тақырыпта Швейцария ұйымдарымен осының алдында да талпыныстар жасалғаны ескертіліп,  қандықол террористік ұйымның және онымен байланысты топтардың қоғам немесе әлеуметтік ұйым сияқты аттармен ұран салуына және заңды көріну қимылдарына әсте рұқсат берілмеуі және террористік ұрандауларды дереу тоқтату керектігі жеткізілді" деп көрсетілді.

 Мәлімдемеде:

"Өздерін нысанаға алмағандықтан террор ұйымдарына құшақ жайғандарға бұл қандықолдардың бір күні оларды да нысанаға алатынын ескертеміз. Еліміз Еуропа Одағы тарапынан террор ұйымы деп қабылданған ПКК және онымен байланысты топтармен күресті барлық салада батылдықпен жалғастырады" деп баса дәріптелді.



Ұқсас жаңалықтар