Түркия Грекияға 2 ұшақ жолдайды

Пакдемирли: "Грекиядағы орман өрті асқынып барады, елді мекендерге қауіп төнуде. Сол себепті көршімізге  2 өрт сөндіру ұшағын  жолдауды жоспарладық" деді.

1688894
Түркия Грекияға 2 ұшақ жолдайды

Ауыл шаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли Грекиядағы орман өрті себепті 2 өрт сөндіру ұшағын  жолдауды жоспарланғанын айтты.

Бекир Пакдемирли Мугланың Мармарис аймағында баспасөзге жасаған мәлімдемесінде 10 тамыздан бастап Түркиядағы 275 орман өртінің 272-сі бақылауға алынғанын, Мугланың Көйжегиз, Милас және Бодрум аудандарындағы өрттің әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Бекир Пакдемирли өрт сөндіруде 15 ұшақ, 62 тікұшақ, 9 адамсыз әуе көлігі, 1 адамсыз тікұшақ, 850 дала көлігі, 430 жұмыс машинасы, 5 мың 250 қызметкер өртпен күрескенін айтты.

Бекир Пакдемирли Грекиядағы орман өртіне байланысты:

"Грекиядағы орман өрті асқынып барады, елді мекендерге қауіп төнуде. Сол себепті көршімізге  2 өрт сөндіру ұшағын  жолдауды жоспарладық" деді.



Ұқсас жаңалықтар