Түркия Малиге көңіл айту жеделхаты жолдады

Түркия террор шабуылдарында қаза тапқандар үшін Мали халқы мен үкіметіне көңіл айту жеделхаты жолдады.

1688530
Түркия Малиге көңіл айту жеделхаты жолдады

Түркия Малидегі террор шабуылдарында қаза тапқандарға көңіл айту жеделхатын жариялады. 

Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «8 тамыз күні Гао аймағында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған террор шабуылдары салдарынан қаза тапқан 50-ден астам адам үшін Малидің қайғысын бөлісеміз. Бұл опасыз шабуылды айыптап, қаза тапқандардың жанұяларына, дос Мали халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз» делінді. 

Малидегі Ансонго аймағындағы Уатагоуна ауданындағы 4 ауыл қарулы террористік топтардың шабуылына ұшырап, ондаған адам қаза тапқан, көптеген адам жараланған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар