Президент Түркия құрамасын құттықтады

Ердоған 13 медальмен елге оралған Түркия Олимпиада ұлттық құрамасын құттықтады.

1687974
Президент Түркия құрамасын құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 Токио Олимпиада ойындарында жарысып,  13 медальмен елге оралған Түркия Олимпиада ұлттық құрамасын құттықтады.

Ердоған әлеуметтік желіде «Токиодан рекорд деңгейде медальмен оралған ұлттық құрамамызды шын жүректен құттықтаймын. Медаль алса да, алмаса да әрбір перзентіміз Түркияның атынан лайықты түрде жарысты,  бізді мақтанышқа бөледі» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар