Француз полициясы Анадолу агенттігі тілшісіне қатыгездік көрсетті

Француз полициясы АА тілшісін демонстранттарды түсірген кезде теле-камерасымен бірге жерге құлатты.

1687389
Француз полициясы Анадолу агенттігі тілшісіне қатыгездік көрсетті

Францияда үкіметтің жаңа типтегі коронавируспен (ковид-19) күрес саясатына қарсы демонстрацияларда Анадолу агенттігінің (AA) тілшісі полицияның қатыгездігіне ұшырады.

Үкіметтің ковид-19 эпидемиясымен күрес саясатына қарсы бірінен соң бірі 4 аптадан бері бас қала Париждің 4 бөлек жерінде өткізілген наразылық акциясында полиция демонстранттар мен журналистерге қатаң күш көрсетті.

Понт де Нойлиден бастап полиция қоршауында Виктория даңғылына қарай бет алған наразылық тобын түсірген АА тілшісі Алааттин Доғру демонстранттарды түсірген кезде бірнеше полиция оны итеріп, теле-камерасымен бірге жерге құлатты.

Доғру ковид-19-ға қарсы күрес заңына 24 шілде күні наразылық үшін ұйымдастырылған бір шеруді түсірген кезде де полицияның газ капсуласы өзіне тиіп, жеңіл жарақат алған болатын.

Басқа жағынан Франция Ішкі істер министрлігі демонстрацияға бүкіл ел бойынша 237 мың, бас қала Парижде 17 мың және Тоулан қаласында 19 мың адамның қатысқанын жариялады.

Демонстрацияларда қазірге дейін 35 адам тергеуге алынып, 7 полиция қызметкері жеңіл жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар