Ердоған Зоран Милановичпен телефонда сөйлесті

Ердоған Хорватияның бір өрт сөндіру ұшағын өртпен күресте қолдану мақсатымен Түркияға жолдағанына ризалығын жеткізді.

1684401
Ердоған Зоран Милановичпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Хорватия президенті Зоран Милановичпен телефонда сөйлесті.

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде орман өрттері себепті Түркияға көңіл айтқан және өрт сөндіру күресінде ұйымшылдық пен қолдау көрсеткен Хорватия президенті Зоран Милановичке алғыс айтқаны білдірілді.

Хорватияның бір өрт сөндіру ұшағын өртпен күресте қолдану мақсатымен Түркияға жолдағанына ризалығын айтқан Президент Ердоған одақтастық қарым-қатынастардың осындай кезеңде мағыналы болатынын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар