Ердоған өрттермен күреске қолдау берген елдерге алғысын білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады.

1684989
Ердоған өрттермен күреске қолдау берген елдерге алғысын білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның орман өрттерімен күресін қолдаған елдер мен ұйымдарға алғысын білдірді.

Әлеуметтік желілерден мәлімдеме жасаған президент Ердоған «Орман өрттерімен күресімізге қолдау көрсетіп, тілек білдіріп, көңіл айтқан барлық дос елдер мен ұйымдарға алғысымды білдіремін. Біз бұл қиын процесті тезірек жеңеміз деп үміттенемін» деді.

Әсіресе өрттер басталған кезден бастап қолдау көрсеткені үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке, Ресей президенті Владимир Путинге, Испания премьер-министрі Педро Санческе Түркия атынан алғысын білдірген Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисиге, Катар әмірі Шейх Тамимге, Хорватия президенті Зоран Миланович пен Украина президенті Владимир Зеленскийге көрсеткен ынтымақтастық себепті ерекше ризашылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар