Түркия Грекияны айыптады

Грекия түріктердің 12 мектебін жауып тастады.

1684249
Түркия Грекияны айыптады

Түркия үнемдеу шаралары және оқушы санының жеткіліксіздігін сылтау қылып Батыс Фракиядағы түріктердің 12 бастауыш мектебін жапқан Грекияны айыптады.

Осы тақырыпқа байланысты Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялады. Хабарламада «Осы соңғы шешіммен бірге азшыл халықтың бастауыш мектептерінің жартысынан көбі жабылып, саны 103-ке төмендеді.  Осылайша Батыс Фракия түрік азшыл халқының мектептерін жапқан Грекияның аталмыш саясаты тұрақты жағдайға айналды» деп айтылды.

Грекияда мектептерге байланысты соңғы заңдық реттеуде азшыл халықтың мектептері көптеген бапта тысқары қалдырылып, жікшілдік жасалғаны атап көрсетілді. Хабарламада «Лозанна Бейбітшілік келісімі үкімдерін бұзған аталмыш шешімдер Батыс Фракиядағы қандастарымызға бағытталған ассимиляция және қысым саясаттарының жалғасы. Грекия бір жағынан оқушы санының аздығын сылтау қылып бастауыш мектептерді жабады,  бір жағынан талап келіп жатса да азшыл халықтың орта мектеп және жоғары сыныптарын ашпай отыр. Осылайша азшыл халықтардың балаларының білім алу құқығы бұзылып келеді» деп айтылды.

Түрік Сыртқы істер министрлігі Грекияны жікшіл саясатын тоқтатуға шақырды.  «Халықаралық қоғам Еуропа Одағы және Еуропа Кеңесіне мүше бір елде адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуына көрермен болып қалмауы керек. Түркия әрі екі жақты кездесулерде,  әрі халықаралық платформаларда азшыл халықтың хақ пен құқық күресіне қолдау беруін жалғастырады» деп айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар