Президент Грузия премьер-министрімен сөйлесті

Ердоған мен Гарибашвили әңгімесінде Түркия мен Грузия қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптар қолға алынды.

1683911
Президент Грузия премьер-министрімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили және Эфиопия премьер-министрі Абии Ахмедпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда,  Ердоған мен Гарибашвили әңгімесінде Түркия мен Грузия қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптар қолға алынды.

Президент Ердоған Түркияға орман өрттеріне байланысты игі тілек білдірген және өртпен күреске қолдау ұсынған Грузия премьер-министріне алғыс айтты. Ол аймақтық транспорт және энергия жеткізу желілерінің тиімділігі және қауіпсіздігі тұрғысынан бірге қозғалудың міндетті екенін атап көрсетті. Ердоған министрлер мен депуттар жүргізіп келе жатқан Түркия-Грузия-Әзербайжан үштік механизмін лидерлер деңгейінде де жандандыру керектігін тілге тиек етті.

Президент Ердоған Эфиопия премьер-министрі Ахмедпен де телефон арқылы сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Түркия мен Эфиопия қатынастары қолға алынды. Ердоған Эфиопияның тыныштығы мен тұрақтылығына көңіл бөлгендерін айтып, Түркияның Эфиопияға барлық көмекті беруді жалғастыратынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар