Өрт апатында 7 кісі қаза тапты

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Анталия мен Муглада өрт болған аймақта денсаулық қызметкерлерінің міндет атқарып жатқанын айтты.

1683724
Өрт апатында 7 кісі қаза тапты

Ел көлемінде шыққан орман өртінде қаза тапқан адам саны 7-ге көбейді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Твиттер желісінде жариялаған мәлімдемесінде Анталияның Манавгат ауданында екі кісінің қаза табуымен, қаза тапқандар 7 кісіге жеткенін хабарлады.

Манавгаттағы өрттің әсеріне ұшыраған 507 кісінің 497-сі емделіп, сауыққанын айтқан Кожа:

"10 кісі емделіп жатыр, 34 дана 112 жедел жәрдем көлігі, 15 Ұлттық медициналық құтқару тобы, 1 мобиль басқару көлігі, 183 денсаулық сақтау қызметкерімен бірге өрт болған аймақтамыз" деді.

Кожа Мерсиндегі өртке ұшыраған 154 кісінің емделіп сауыққанын айтып:

"28 дана 112 жедел жәрдем көлігі, 2 Ұлттық медициналық құтқару тобы, 90 денсаулық сақтау қызметкерімен бірге өрт болған аймақтамыз. Денсаулық сақтау қызметкерлеріміз атынан Мерсиндегі азаматтарымызға көңіл айтамыз" деді.

Мугланың Мармарис пен Бодрум аудандарындағы өртке ұшыраған 203 кісіден 186-сының емханадан шыққаны, 17 кісінің емделіп жатқаны білдірілді. 

Министр Кожа: 

"39 дана 112 жедел жәрдем көлігі, 15 Ұлттық медициналық құтқару тобы, 193 денсаулық сақтау қызметкері өрт болған аймақта міндет атқаруда" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар