111 өңірдегі өрт сөндірілді
Бекир Пакдемирли 111 өрттің сөндірілгенін, жалпы 6 өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
1683727
Түркияда 111 өрт сөндірілді. 3 уәлаятта 6 өңірдегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли Твиттер желісінде жариялаған мәлімдемесінде:
"28 шілде мен 1 тамыз арасында шыққан өртті сөндіру үшін 13 ұшақ, 9 адамсыз әуе көлігі, 45 тікұшақ, 1 адамсыз тікұшақ, 708 дала көлігі мен су танкері, 120 жұмыс машинасы, 4 мың 800 қызмметкер еңбек етуде" деді.
Бекир Пакдемирли 111 өрттің сөндірілгенін, Анталияда 2, Муглада 3 және Тунжелиде бір, жалпы 6 өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Иракта 2 террорист залалсыздандырылды
Дотканлу мен Шахе Ұлттық барлау ұйымының операциясында залалсыздандырылды.