Әзербайжан Түркияға 53 су танкері мен 220 қызметкер жіберді

Түркиядағы орман өрттеріне орай шетелден көңіл айту мен ынтымақтастық жеделхаттары келуде.

1683452
Әзербайжан Түркияға 53 су танкері мен 220 қызметкер жіберді

Түркияның әртүрлі аймақтарында басталған орман өрттеріне орай шетелден көңіл айту мен ынтымақтастық жеделхаттары үздіксіз келуде.

Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили өз мәлімдемесінде «Досымыз, стратегиялық серіктесіміз Түркияның оңтүстік аймақтарында басталған орман өрттері туралы жаңалықты мұқият қадағалаудамыз» деді.

Өрт кезінде қаза тапқандар үшін шын жүректен көңіл айтқанын жеткізіп, түрік үкіметі және халқымен ынтымақтас екенін мәлімдеген Гарибашвили Түркияға барлық жағынан көмекке дайын екендіктерін баса айтты.

Венгрия премьер-министрлік баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеде болса вице-премьер Жольт Шемьеннің Венгрия үкіметі атынан өрт кезінде қаза тапқандардың отбасылары және Түркия үкіметіне көңіл айтқаны атап көрсетілді.

Орман өрттерімен күреске қолдау мақсатты Түркияға 100 өрт сөндіруші мен 1 амфибиялық ұшақ жіберген Әзербайжан кеше де 53 өрт сөндіру көлігі мен 220 қызметкерді тас жол арқылы Түркияға шығарып салды. Әзербайжан өрт сөндіру жұмыстары аясында 1 тікұшақ жіберетінін де жариялады.



Ұқсас жаңалықтар