Пакдемирли: 112 өрттің 5-і жалғасуда

Орман министрі Бекир Пакдемирли Түркияда шыққан орман өрттері туралы мәлімдеме жасады.

1683440
Пакдемирли: 112 өрттің 5-і жалғасуда

Ауыл шаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирли 112 орман өртінің 107-сінің бақылауға алынғанын, олардың 5-інің әлі жалғасқанын мәлімдеді.

Пакдемирли Мугланың Мармарис Деғирменяны аймағында өрт басқару орталығындағы соңғы жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Соңғы үш-төрт күнде көптеген жерде өрт шыққанын білдірген Пакдемирли: «112 орман өрті болды, оның 107-і бақылауға алынса, 5-і жалғасуда» деді.

Анталияның Манавгат, Гундоғмуш және Газипаша аудандарындағы өрттердің жалғасқанын білдірген Пакдемирли «Өртке қатысты күрделі жағдай жалғасуда. Мерсиннің Айдынжык ауданындағы өртті бақылауға алдық. Силифкеде бір өрт бар, мұндағы жағдай да жақсарып келеді. Аданадағы барлық өрттер бақылауға алынды» деді.

Муғла, Мармарис, Көйджеғиз, Бодрум және Миласта 4 өрт болғанын хабарлаған Пакдемирли қажеттілікке сәйкес ел көлемі мен шетелден келетін көліктерді үйлестіру арқылы өртті ең қысқа уақытта бақылауға алатындарын атап көрсетті.

Пакдемирли Мармаристегі өрт сөндіру жұмыстарына 3 ұшақ, 9 тікұшақ, 146 көше суаратын көлік, 20 су танкері, 8 бульдозер және 529 қызметкердің қатысқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар