Орман өрттерімен күресте Түркияға көптеген ел ынтымақтастық ұсынды

Қазақстан президенті Түркиядағы орман өртіне байланысты президент Ердоғанға жеделхат жолдады.

1683403
Орман өрттерімен күресте Түркияға көптеген ел ынтымақтастық ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы орман өртіне байланысты президент Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдады.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдемесіне қарағанда, президент Тоқаев өз жеделхатында Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристтік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты қайғыға ортақ екенін жеткізді.

Қазақстанның бауырлас түрік халқына гуманитарлық жәрдемге дайын екенін атап көрсеткен Тоқаев Ердоғанға апатпен күресте сәттілік тіледі.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан да Түркияның әр түрлі аймақтарында жалғасып жатқан орман өрттеріне байланысты өз елінің жәрдемге дайын екенін білдірді.

Премьер-министр Хан өзінің Твиттердегі хабарламасында өрт кезінде қаза тапқандар үшін Түркия үкіметі мен халқының қайғысын бөлісетінін және жанында екенін айтты. Хан осы қиын уақытта Түркияға қажет кез келген көмекті көрсетуге дайын екендерін атап көрсетті.

Еуроодақ (ЕО) болса Түркиядағы өртке қарсы ынтымақтастық туралы хабарлама жариялады.

ЕО комиссиясының дағдарысты басқаруға жауапты мүшесі Дженес Ленарчич жеке Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Түркияның Жерорта теңізі мен Эгей жағалауындағы өрттерді қадағалағандарын атап көрсеткен және туыс-тамырларынан айырылған адамдарға көңіл айтқан Ленарчич «Жәрдемге дайынбыз» деген хабарламасын ЕО пен Түркия жалауларын ынтымақтастықтың символдық белгісі ретінде бөлісті.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі болса Түркияға орман өрттерімен күрес үшін 11 техникадан тұратын авиациялық топтың жіберілетінін білдірді.

Солтүстік Кипр Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Сезаи Сезен Түркиядағы орман өрттері себепті ізгі тілектерін жеткізді. Түрік халқының қайғысын шын жүректен бөлісетіндерін Солтүстік Кипр Түрік Қызыл жарты ай қоғамы ретінде Түркияның орман өрттерімен күресін қолдау мақсатында «Жүректерге су шашайық» ұранымен қайырымдылық акциясын бастағанын хабарлады.

Малайзия да Түркияның әр түрлі аймақтарындағы орман өрттерінде қаза тапқандарға көңіл айту жеделхатын жариялады.

Иордания да орман өрттерімен күресіп жатқан Түркияның жанында екені туралы жазбаша мәлімдеме жасады.

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты командалардың 100 адамнан тұратын бірінші тобы орман өрттерімен күреске қолдау үшін Муғлаға келді.

Босния және Герцеговина Федерациясы болса Түркияның әр түрлі аймақтарында шыққан орман өрттерін бақылауға алу мақсатымен жәрдем жіберетінін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар