Президент Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Путин Түркияға және түрік халқына көңіл айтты.

1683259
Президент Ердоған мен  Путин телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. 

Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Путин телефондағы әңгімеде Түркиядағы орман өртін кеңескендері білдірілді.

Түркияның орман өрттерімен күресуіне жәрдем беру үшін Ресей 5 өрт сөндіретін ұшақ пен 3 тікұшақ жіберген еді. Ердоған Ресейдің орман өртіне жасаған жәрдеміне орай Путинге алғыс айтты. 

Путин де Түркияға және түрік халқына көңіл айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар