Тунис Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Мевлүт Чавушоғлу Тунис Сыртқы істер министрі Осман әл Жерендиге Түркияның қолдауын білдірді.

1681359
Тунис Сыртқы істер министрімен сөйлесті

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Тунис Сыртқы істер министрі Осман әл Жерендиге Түркияның қолдауын білдірді.

Министрлік министр Чавушоғлуның Тунис Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлескенін білдірді.

Министр телефон әңгімесінде Түркияның Тунистің тұрақтылығы мен тыныштығына көңіл бөлгенін және Тунис халқына қолдау беретінін атап көрсетті.

Тунисте 25 шілде күні үкімет мен оппозиция партияларына қарсы шерулер өткізіліп, шыққан оқиғаларда партия орталықтарына шабуыл жасалған болатын. Президент Кайс Саид те мәжілістің барлық өкілеттіктерін тоқтатып, депутаттардың қол сұғылмаушылығын алып тастағанын хабарлады.

Саид өзін бас прокурор деп жариялап, сот істеріне де араласты.



Ұқсас жаңалықтар