Ердоған Ангола президентін күтіп алды

Ангола Президенті Джоао Мануэль Гончалвес Луренчо Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бас қала Анкараға келді.

1681139
Ердоған Ангола президентін күтіп алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның террормен күресте өзін дәлелдеген ел ретінде Анголаның қасында болатынын айтты.

Ангола Президенті Джоао Мануэль Гончалвес Луренчо Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бас қала Анкараға келді.

Президент Ердоған Луренчоны Президенттік сарайда ресми рәсіммен күтіп алды.

Оңаша және делегациялар арасындағы кездесулерден кейін екі ел арасында 10 келісімге қол қойылды.

Ердоған ортақ баспасөз жиналысында Анголамен әскери, саяси, сауда және мәдени салаларда кеңескендерін, БҰҰ Жалпы Кеңесінен кейін Анголаға іскерлерді бастап баратынын хабарлады.

Президент Ердоған:

"Жоғары дәрежелі сапарларды бастадық. Сауда мөлшеріміз 176 миллион доллар. Екі күшті ел саудасын 500 миллион долларға шығару ниетіндеміз" деді.

Ангола Президенті Джоао Мануэль Гончалвес Луренчо келісімдер жайлы:

"Түрік инвесторлар Анголаға сеніммен келіп инвестиция салады. Бұл анголалық инвесторлар үшін де осылай" деді.



Ұқсас жаңалықтар