Баку декларациясы қабылданды

Декларация қабылданғаннан кейін Шентоп, Кайсер мен Гафарова Әзербайжан парламентінде сөз сөйледі.

1681496
Баку декларациясы қабылданды

Түркия, Әзербайжан және Пәкістан парламент басшылары Баку декларациясын қабылдады.

Әзербайжан-Пәкістан-Түркия Үштік парламент басшылары Бірінші жиналысы Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарованың ұйымдастыруымен Бакуде өтті.  Жиналысқа Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің спикері Мұстафа Шентоп және Пәкістан Ұлттық мәжіліс төрағасы Асад Кайсер қатысты.

Декларация қабылданғаннан кейін Шентоп, Кайсер мен Гафарова Әзербайжан парламентінде сөз сөйледі.

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия, Әзербайжан және Пәкістан арасындағы тамырлы байланыстың «достық және бауырластық» негізінде жүріп жатқанын, үш ел парламент басшылары ретінде жаңа бастаманы Бакуде бастағандарын айтты.

«Арменияның Әзербайжаның шақыруына игі ниетпен және көркейтуші түсінікпен жауап беруі ең дұрыс қадам болмақ.  Соғыстан жеңіліп шыққанына қарамастан сайлауда қайта сайланған Пашинянның өзі қол қойған құжаттардағы міндеттемелерді орындауын күтеміз» деді ол.

Пәкістан Ұлттық мәжіліс төрағасы Кайсер де Әзербайжан халқын жеңіспен құттықтап, осы жеңіске Пәкістан халқының да қатты қуанғанын айтты.

Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің төрайымы Гафарова да үш ел арасындағы ортақ сенім және бауырластық негізінде жүріп жатқан қатынастардың көп уақыттан бері жалғасып келе жатқанын атап көрсетіп: «Әділет үшін берілген соғыста әрі Пәкістан, әрі Түркиядан алған қолдауды еш ұмытпаймыз» деді.

Келесі үштік жиналыс Пәкістанда 2022 жылдың наурыз айында болады.



Ұқсас жаңалықтар