Түркия Австрия канцлерінің сөздеріне наразылық көрсетті

Түркия Австрия канцлері Себастьян Курцтың ауған босқындар туралы сөздерінің таң қалдырғанын білдірді.

1680787
Түркия Австрия канцлерінің сөздеріне наразылық көрсетті

Түркия Австрия канцлері Себастьян Курцтың ауған босқындар үшін Түркияның «ең дұрыс ел» екені туралы сөздерінің таң қалдырғанын білдірді.

Тақырыппен байланысты қойылған сұраққа жазбаша жауап қайтарған Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танджу Бигич «Бүкіл әлемге әсер ететін және баршаға ортақ мәселе болып табылатын тұрақсыз көші-қон мәселесін шешуге бағытталған бірлескен күш-жігер мен ынтымақтастыққа баса назар аударудың орнына, «мигранттар мұнда келмеуі керек, басқа жаққа кетсін» деген көзқарас өзімшіл және пайдасыз бір ұстаным. Түркия аймақтық мәселелерден  пайда болған жаппай көші-қон дағдарысының нәтижелеріне мойынсынып, көші-қонның жаңа толқынын мойындамайды. Бұл ұстанымды әр жерде және деңгейде қарсыластарымызға жеткізіп, Түркияның Еуроодақтың шекара қорғаушысы немесе босқындар лагері емес екенін баса айтамыз» деді.

Билгич жауабында «Австрия канцлері Себастьян Курцтың бір газетке берген сұхбатта ауған босқындар тақырыбында Түркияның «ең дұрыс ел» екені туралы сөздері бізді таң қалдырды. Біріншіден, Түркия канцлер Курц айтқандай, Ауғанстанмен көрші бір мемлекет емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар