Үш террорист залалсыздандырылды

Сердар Пир Авеста лақап атты террорист Хакан Атеш те залалсыздандырылды.

1680303
Үш террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Йылдырым»  операциялық аймағында және Зап аймағында екі, «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағыда бір террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап, «Терроризм және террористтермен күресіміз ықпалды және табанды түрде жалғасуда.  Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Йылдырым»  операциялық аймағында және Зап аймағында екі, «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағыда бір террорист залалсыздандырылды» деп білдірді.

Сонымен қатар бөлшектеуші террорлық ұйым PKK/KCK-ның Хакурк логистикалық жауаптысы деп аталған Сердар Пир Авеста лақап атты террорист Хакан Атеш те залалсыздандырылды.

Аталмыш террорист Хакурктың Бирким ауылы маңында Ұлттық барлау ұйымының операциясында залалсыздандырылды.

2015 жылдың маусым айынан бері Солтүстік Иракта террорлық істерге қатысқан Хакан Атеш PKK-ның ел ішіндегі YDG-H құрамында белсенді міндет атқарды. Ол ел ішіндегі лаңкестіктерді ұйымдастырды.



Ұқсас жаңалықтар