AK партия делегациясы Әзербайжанда

Нуман Куртулмуш пен делегация алдымен марқұм Гайдар Әлиевтің қабіріне барды.

1680192
AK партия делегациясы Әзербайжанда

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Нуман Куртулмуш басшылығындағы AK партия делегациясы Әзербайжанда.

Нуман Куртулмуш пен делегация алдымен марқұм Гайдар Әлиевтің қабіріне барды.  Куртулмуш артынан 20 қаңтар шейіттерінің басына және Кавказ Ислам армиясы шейіттерінің қабіріне барды. Ол Баку Түрік шейіттігінің естелік дәптеріне қолтаңба қалдырды.

Куртулмуш Әділет және даму партиясы мен Жаңа Әзербайжан партиясы арасындағы қатынастарды нығайту мақсатты келгендерін айтты. Ол Түркия мен Әзербайжан арасында керемет қатынастар бар екенін атап көрсетті.

Нуман Куртулмуш Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұстанымы және халықтың батылдығы арқасында көптеген жылдар жалғасқан оккупацияның тоқтатылғанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар