Критте іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Суға кеткен қайықтағы келімсектерді іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.

1679309
Критте іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Криттің оңтүстік шығысында суға кеткен қайықтағы келімсектерді іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, 8 адамның із-түссіз жоғалғаны білдірілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Теңіз күштеріне тиесілі 2 фрегат және 1 теңіз патрульдік ұшағы қатысқан іздеу-құтқару жұмыстарында 45 келімсектің 37-сі құтқарылды, 8 адам із-түссіз жоғалды» делінді.

ҰҚМ-нен алдында жасалған мәлімдемеде кеше кешкі уақытта Керпе аралының шамамен 60 мил оңтүстігінде 45 келімсек мінген бір қайықтың суға кеткені, TCG Gelibolu және TCG Gökova атты фрегаттардың оқиға орнына жіберіліп, іздеу-құтқару жұмыстарын бастағаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар