Ердоған 15 шілдеге орай ұлтқа үн қатты

«ЕЛІМІЗГЕ ЖӘНЕ ҰЛТЫМЫЗҒА ЖАСАЛҒАН ОПАСЫЗДЫҚТЫ ӘСТЕ ҰМЫТПАЙМЫЗ».

1676019
Ердоған 15 шілдеге орай ұлтқа үн қатты

«ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ӘРБІР АЗАМАТЫ ОСЫ ТЕҢДЕСІЗ ОПАСЫЗДЫҚТЫ ЕСКЕ АЛҒАНДА ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ БЕН БОЛАШАҒЫМЫЗҒА ҚҰШАҚ ЖАЯДЫ"

15 шілде төңкеріс талпынысының бесінші жылдығында ұлтқа үн қатқан Президент Режеп Тайып Ердоған:

«2016 жылы 15 шілде жұма күні кеште басталып, ертесі күні ұлтымыздың аяғы астында тапталу арқылы аяқталған төңкеріс талпынысы тарихымызға ғибрат сабағы ретінде жазылды. Ғасырлар бойынша ұлтымыздың әр бір азаматы осы теңдесіз опасыздықты еске алғанда тәуелсіздігіміз бен болашағымызға құшақ жаяды» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған «15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күнін» еске алу бағдарламасы аясында Президенттік сарайдан ұлтқа үн қатты. Қоғаммен тікелей эфирде бөлісілген ұлтқа үн қату сөзінде президент Ердоған мыналарды айтты:

«Құрметті ұлтым, сіздерге шынайы сезіммен, сүйіспеншілікпен сәлем беремін. Бүгін ел мен ұлт өміріндегі ең опасыз шабуылдың, әрі ең салтанатты қарсылықтың бесінші жылдығы. Сөзімді сол күні кеште «Бедрдің арыстандарындай айбарлы» күрес кезінде гүл бағындай топыраққа көмілген 251 шейітімізге Алладан иман тілеумен бастағым келді.

Әр біреуінің әңгімесі ерекше дастан болған шейіттеріміз «тарихқа көмуге сыймайтындай» батырлықтарымен ұлтымызды құртуға ұмтылғандарға қажетті сабақты берді. Пайғамбарлықтан кейінгі ең абыройлы мәртебеге жеткен шейіттерімізге борыштылығымызды арттарында қалған аманаттарына қамқорлық жасау арқылы өтеуге талпынамыз.

«ЕЛІМІЗГЕ ЖӘНЕ ҰЛТЫМЫЗҒА ЖАСАЛҒАН ОПАСЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ»

Ер-әйел, кәрі-жас демей, оқушысы және мұғалімімен, жұмыс иесі және жұмысшыларымен, қызметшісі және саудагерімен, әр бір жастағы, әр бір кәсіптегі, әр саладағы азаматтарымен бірге «Осы опасыз толқынға кеуде керіп», көшелерді және майдандарды толтырған, төңкерісшілерді көрген жерде жолын тосып, алдына салып қуған, ата-ана, бала-шағасын ұмытып, күрескен және ардагер болған азаматтарымызға да шынайы сүйіспеншілігімді ұсынамын.

Құдайға құлшылық ететін ұлтымыздың тәуелсіздікке деген сүйіспеншілігі, еркін өмір сүретін елдегі туымыздың асқақ желбіреуі, отанымыз аспанында мәңгі жаңғыратын азанымыздың үні куәміз болсын! Біз Елімізге және ұлтымызға жасалған опасыздықты әсте ұмытпаймыз. Осы дұшпандықтың есебін ұсталған, анықталған опасыздардан сұрадық, жалғасты сұраймыз. Бақи дүниеде де осы шәйтанның жолдастарының жағасынан аламыз, махшерде де есеп сұраймыз.

Ардақты ұлтым, 2016 жылы 15 шілде жұма күні кеште басталып, ертесі күні ұлтымыздың аяғы астында тапталып аяқталған төңкеріс талпынысы тарихымызға ғибырат сабағы ретінде жазылды. Ғасырлар бойыншаа ұлтымыздың әр бір азаматы осы теңдесіз опасыздықты еске алғанда тәуелсіздігіміз бен болашағымызға құшақ жаяды.

Еліміз Республика тархында әрине көптеген төңкеріске, төңкеріс талпынысына, ұмтылысына, террорлық шабуылдарға дөп келді. Алайда сол күні кеште болған оқиға бізге, өз еліне, өз халқына, өз азаматтарына қару кезеген, бейуаздардың қанын төккен опасыздардың әлемдегі ең аяусыз құбыжыққа айналатынын көрсетті.

Ұлтты ұлт етіп қалыптастырған ерекшеліктің бірі тарихындағы осындай қайғымен, қанымен және жанымен алынған жеңістері болмақ. Ғасырлық отанымыздың тікенсіз гүл бақшасы емес екенін, күндеріміздің күреспен өтіп жатқанын білеміз. Әлемдегі барлық ел мен қоғамның көзі түскен бір географияда ғасырлық отан болудың және отанымызды қорғаудың беделін өтеп келеміз. Соңғы бір-екі ғасырда төңірегімізде болып жатқан оқиғаларға қарағанымызда осы беделдің қарымжысын береке-бірлігімізді, бауырластығымызды, елімізді, болашағымызды құтқару арқылы алғанымыз бір ақиқат.

«БІЗДІҢ ҰЛЫ ӨРКЕНИЕТ ПЕН ТАРИХИ МҰРАНЫ ҚОРҒАҒАНЫМЫЗДЫ ТҮСІНБЕЙДІ»

Соңғы сегіз жылда түрліше көріністер атымен жасалған шабуылдар отанымызға ие болу күресіміздің жалғасатынына меңзеуде. ПКК, ДАИШ, ФЕТО тектес қой терісін жамылған қасқырдай террористік ұйымдар арқылы айналымға енгізілген сценарийлердің мақсаты – елімізге тізе бүктіру, ұлтымызды тұтқынға алу, территориямызды бөлшектеу. Түркияға қарсы барлық халықаралық платформаларда көрсетілген қос стандарттық осы сценарийлердің өзгеше бір бейнесі болып табылады. Мыңдаған, он мыңдаған километр алыстан террормен күрес сылтауымен келіп, ардақты географиямызды қан мен көз жасына бояғандар, миллиондаған адамның болашағын сөндіргендер Түркияны ұқсас тағдырға ортақ ете алмағандары себепті ашулы. Өздерінің қауіпсіздігі мен жайлы өмірлері үшін Түркияны қалқан ретінде қолданғанын ойлағандар біздің ұлы бір өркениет пен тарихи мұраны қорғағанымызды түсінбейді, түсіне де алмайды. Аймағымызда бейбітшілікті, тұрақтылықты, тыныштықты, амандықты қамдау үшін көрсеткен талпынысымыз бен жасаған жанқиярлығымыз, ісжүзінде ұлы да күшті Түркияны құру жолында барған сайын күшейген оянудың асқақ үні болмақ.

«Гези оқиғаларымен» әлеуметтік жақтан ыдыратуға ұмтылғандар денемізге береке-бірліктің ұрығын еккендерін сезген жоқ. Төңкеріс талпынысымен ұлттық жігерді мұқалту арқылы елімізді иелеп алуға талпынғандар ғасырлық дәртүрді тіпті де бекемдей түскендерін байқамады. Террористік ұйымдардан пайдаланып территориямызға құқай көрсеткендер осы арқылы бауырластығымызды нығайтқандарын да түсінбеді.

«ҰЛЫ ДА КҮШТІ ТҮРКИЯНЫ ҚҰРУҒА КЕДЕРГІ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ»

Шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке елімізді терең тарихи және мәдени байланыстармен тәуелді болған географиялардан айыруға ұрынғандар шынайы тәуелділік орнатуымызға дәнекер болғандарын сезбеді. Біз тек қана адамгершілік атымен тілге тиек еткен құқық пен әділет талаптарымызды өздері сияқты саяси айлакерлік деп қарағандар езілгендердің үні, тынысы, үміті болуымыздың сырын түсінбеді. 15 шілде түні ұлтымыздың әлемнің ең дамыған соғыс көліктерін құр алақан қалай тоқтатқанын түсіне алмағанындай, еліміздің басқа салалардағы тұғырының себебін де шеше алмады.

Іс жүзінде біз өзіміз үшін нені қаласақ, бүкіл географиямыз үшін, достарымыз үшін, күллі адамзат үшін де соны тілейміз. Мұны ниетімізді жасыру үшін емес, шынайлықпен істегеніміз себепті барған жерімізде қабылданып, қарсы алуға ие боламыз. Сирияда, Ливияда осылай істедік. Қарабахта да солай. Ертең Ауғанстанда және басқа жерлерде де ұқсас шынайылық және әділеттілікпен бауырластарымыздың қасында боламыз.

15 шілде тек елімізде өзіміздің тәуелсіздігімізді және болашағымызды қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге жоғардағы ұлы міндеттің де символы болып табылады. Әрине бұл шындық көргісі келген көздер, естігісі келген құлақтар, айтқысы келген тілдер, түсінгісі келген саналар, қуанышпен соққан жүректер, үміт еткен көңілдер үшін ғана жарасымды.

Құдайға шүкір, ұлтымыз бізді түсінеді, жол сілтейді, бізбен бірге ілгерлейді. Міне, осы үшін елімізді қолға түсіруге талпынған сұмпайыларға бір ғасырдың алдында болғанындай, «Түркия өткел бермейді» дейміз. Міне, осы үшін ұлтымызға қарсы сұрқия ниетте болғандарға «Табысты бола алмайсыз» дейміз. Кеше табысты болмады, бүгін де, ертең де табысты болмайды иншалла. Ұлы және күшті Түркияны құруға кедергі бола алмайды.

«БІЗДІҢ ЖОЛ СЕРІГІМІЗ – ҰЛТЫМЫЗ»

Кім кімнің қасында болуы маңызды емес, біздің жол серігіміз -ұлтымыз. Біздің жол серігіміз -Малазгирттен Стамбулды жеңіп алуға, Чанаккаледен Азаттық соғысына, Кипр төңкерісінен 15 шілдеге дейінгі барлық шейіттеріміз. Біздің жол серігіміз - әр біреуі әлемге татитын күрес жігеріне ие ардагерлеріміз. Біздің жол серігіміз-ақсақалды аталарымыз, ақ жаулықты әжелеріміздің дұға-тілектері. Біздің жол серігіміз-төңіректің төрт бұрышында көңілі мен көзін бізге қадаған езілгендердің үміттері. Біздің жол серігіміз-өздері мен елдері үшін жүректері соққан, жобалары бар, беталыстарын 2053-ге бұрған жастарымыз, балаларымыз. Қалғаны бос сөз ғана.

Архимед «Маған бір тіреу беріңдер әлемді орнынан қозғайын» дегендей, «біз де ұлы ұлтымызбен әлемді орнынан қозғаймыз, жаһанды билейміз, ғаламға да үнімізді естіртеміз» дейміз. Алла қолдаушымыз болсын!

Жаратушым біздерді басқа 15 шілделермен сынамасын. Жаратушым елімізді, ұлтымызды қорғасын. Жұмысымызға оңайлық берсін, барлық талпысымызда нысанаға жеткізсін!

Осы оймен сөзімді аяқтаймын. Сейсенбі күнгі Құрбан айтыңызды қазірден құттықтаймын. Алладан осы қасиетті күндердің құрметіне ұлтымызды, мұсылмандарды және барлық адамзатты бақытқа кенелтуді тілеймін.

Баршаңызға сүйіспеншілік пен құрметімді ұсынамын. Аман болыңыздар.

 



Ұқсас жаңалықтар