Ердоған ТҰҰМ-де 15 шілдені еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоған ТҰҰМ-де 2016 жылы 15 шілде Шейіттерін еске алу бағдарламасында сөз сөйледі.

1675831
Ердоған ТҰҰМ-де 15 шілдені еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоған 2016 жылы 15 шілдеде Фетуллахшы террористік ұйымның төңкеріс талпынысына қарсы алынған жеңістің ұлттың ұлттық жігерінің жеңісі екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған ТҰҰМ-де 2016 жылы 15 шілде Шейіттерін еске алу бағдарламасында сөз сөйледі.

Ердоған сөзінде:

"15 шілдеде Фетуллахшы террористік ұйымының төңкеріс талпынысына қарсы алынған жеңіс ұлттың ұлттық жігерінің, демократияға сенгендердің жеңісі. 15 шілде жалғандықтың, әділеттің зұлымдыққа ұшырауының, еркіндіктің дұшпанға қарсы жеңіске жетуінің аты болып табылады. Ұлтымыз 15 шілде күресімен әрі төңкеріс талпынысын кері қайтарды, әрі  елімізді қолға түсіруге ұрынған жаулап алу ниетін тосты. Кәрі-жас демей ұлтымыз Түркияның өткел бермес жігерін күллі әлемге көрсетті" деді.

"Түрік ұлты көшеде еркіндігін қорғаған кезде депуттарымыз да осы шаңырақ астында демократияға, ұлттық жігерге ие екенін көрсетті" деген Ердоған:

"Депутаттарымыздың ардагерлер мәжілісіне лайықты түрде төбелеріне түскен бомбаға қарамай халықтың амандығын ұмытпады. Сол күні кештегі кедергілерді жеңіп, танктардың айналасында жүріп, оқтың арасымен ТҰҰМ-не жеткен және ұлттың өкілі болу жауапкерлігін атқарған баршаға өзім, ұлтым және елім атынан алғысымды жеткіземін" деп көрсетті.

Президент Ердоған:

"15 шілдедегі оқиға басқа батырларымызбен бірге ардагер мәжілісіміз шаңырағы астында көрсетілген ұйымшылдықты тарихқа алтын әріппен жазады. Азаттық соғысымызды батылдықпен басқарған ТҰҰМ мүшелері бір ғасырдан кейін де қайырлы бейнемен еске алынса, жаңа Түркияның еркіндік күресінің бастамашылары да құрметкен еске алынады" деді.



Ұқсас жаңалықтар