Алтун El-Mundo газетіне сұхбат берді

Фахреттин Алтун Испанияның белгілі газеттерінің бірі El Mundo-ға сұхбат берді.

1675860
Алтун El-Mundo газетіне сұхбат берді

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Еуропаның 2016 жылдың 15 шілде күнгі оқиғалардың маңызын енді түсініп, түрік демократиясына бағыталған бұл опасыз шабуылдың күдіктілерімен байланысты үзу керектігін баса айтты.

Фахреттин Алтун Испаниядағы ең үлкен газеттерінің бірі El Mundo-ға сұхбат берді.

Сұхбатында төңкеріс қылмысымен байланысты жүздеген қылмыстық іс қаралғанын, жасалған қылмыстардың дәлелдері, куәгерлердің мәлімдемелері, фотосуреттер мен бейнежазбалары және төңкеріс сәтсіз аяқталғаннан кейін өкініп кешірім үшін берілген ақпарлар бар екенін атап көрсеткен Алтун «15 шілденің Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) басшысы және сыбайластарының жоспарлап, орындағаны анық. Шетелде бұл фактіні жасыруға тырысатындар бар екені құпия емес. Біз бұл шеңберлерге қарсы шындықты қорғауды жалғастырамыз» деді.

Еуроодақтың (ЕО) түрік демократиясына бағытталған бұл шабуылға бес жылдан бері жауакерсіздікпен қарағанына назар аударған Алтун «Төңкеріс әрекеті сәтсіз аяқталған соң әскери тікұшақпен Грекияға қашқан төңкерісшілдерге баспана берілуі, бастан кешкен процестің мазмұны іспеттес. Сол сияқты төңкеріске тікелей қатысы бар ұйымның жоғары лауазымдыларының Еуропада еркін жүруі алаңдатуда. Бұл адамдарды жауапқа тарту үшін немесе олардың жұмысын тоқтату үшін ешқандай қадам  басылмауы түрік халқының санасында ЕО-тың төңкерісшілдерге түсіністікпен қарағаны немесе олармен ынтымақтастық жасағаны көзқарасын қалыптастыруда. Күдіксіз бұл жағдай Еуроодақтың демократия мен адам құқықтары құндылықтарына көлеңке түсіреді. 15 шілде күнгі оқиғалардың маңызын Еуроодақтың енді түсініп, түрік демократиясына бағыталған бұл опасыз шабуылдың күдіктілерімен байланысын үзуін күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар