Түркия Галатасарай командасына қатыгездік жасаған Грекияны сынға алды

Сыртқы істер министрлігінің өкілі елші Танжу Билгич мәлімдеме жасады.

1674410
Түркия Галатасарай командасына қатыгездік жасаған Грекияны сынға алды

Түркия Грекияның Олимпиакос футбол командасымен дайындық матчы ойнауға Афиныға барған Галатасарай футбол командасына жасалған қорлықты сынға алды.

Осы мәселеге қатысты жазбаша мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрлігінің өкілі елші Танжу Билгич Галатасарай футбол командасының 13 шілде күні кешке Грекия Олимпиакос командасымен арнайы матч ойнау үшін Афинаға барғанын атап «Ойыншыларымызға жасалған және нәтижесі таза шыққан ПТР анализін «жарамсыз» деп қабылдап, бүкіл команданың қайтадан анализ тапсыруын талап етуі адал бір ұстаным емес» деді.

Билгич бұл ерікті ұстаным мен қатыгездік алдында Галатасарай командасының Грекияға заңды түрде кірмей-ақ Түркияға оралғанын атап «Грекияның еліміздің алдынғы қатарлы командаларының бірін осындай бір ұстаныммен қарсы алуы спорттық салада да мемлекетімізге деген төзімсіздігін көрсетеді» деді.

Олимпиакоспен ойнайтын дайындық матчы үшін Грекияға барған Галатасарай футбол командасы грек лауазымдылардың жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) анализдерін қабылдамауы және олардың дөрекі мінез-құлқына наразылық ретінде елге оралуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар